Қытай астанасы – Бейжіңде мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан өткен Гран-при халықаралық лицензиялық жарысында жерлесіміз Ислам Сәлімов сәтті ойын көрсетті.
Ол ұзындыққа секіруден жеңімпаз атанып, Азия рекордын орнатты. Сондай-ақ, 400 метрге жүгіруден бірінші болып келсе, 100 метрге жүгіруден күміс жүлдені еншіледі. Жарысқа 25 елден спортшылар қатысты.