ИЛЬЯ ИЛЬИН ОЛИМПИАДАҒА БАПКЕР РЕТІНДЕ ҚАТЫСУЫ МҮМКІН
Алдағы Рио де Жанейро Олимпиадасында белгілі қазақстандық ауыр атлет шебері Илья Ильин бапкер ретінде қатысуы әбден мүмкін. Бұл жайында Seykhuninfo.kz мәлім етті.
Сыр саңлағы мұндай ой-пікірін Қызылорда облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында жұртшылыққа жеткізді.
– Тұтас Қазақстан халқының қолдауын сезініп отырмыз. Елбасы да ерекше қамқорлығын көрсетуде. Дəл қазір нақты жағдайды саралап айту қиын. Бірақ, Рио Олимпиадасына спортшы ретінде қатыспасам, онда бапкер ретінде барамын. Менің тұтас командам бар екенін білесіздер. Олар тынымсыз еңбек етіп жатыр. Міне, осы команда елімізге уəде еткен алтын медальдің бəрін əкеледі. Спорттық бəсекеде тоқтата алмағандар, осылайша тосқауыл болғысы келеді. Қазір менің жасым 28-де. Төрт жылдан кейінгі Олимпиада кезінде де жерге қарап қалмаспын. Ең басты айтқым келетіні «мен ешкімді алдаған жоқпын»,– деді Илья Ильин.