Қызылордалық қос спортшы Еуропа кубогының қола жүлдесін иеленді.
Германияның Бремен каласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогында қызылордалык спортшылар жеңіспен оралды.
Әлемнің 24 мемлекетінен 900 спортшы қатысқан дубірлі бәсекеде ел намысын қорғаған жерлестеріміз – 60 келі салмақ дәрежесінде Жалаңтөс Баһадур атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернат окушысы Бауыржан Жауынтаев пен 100 келіден жоғары салмақта кармакшылык Еламан Ерғалиев кубоктың қола жүлдесін иеленді.
Айта кетейік, Қазақстаннан барган спортшылардың арасында тек Сыр елінің қос спортшысы мен семейлік балуан ғана еліміздің айбынын асқақтатты.
Дзюдодан ҚР енбек сіңірген жаттықтырушысы Қален Қалиұлы мен Дархан Алмахановтан тәлім алатын қос спортшы үстіміздегі жылдың сәуір айында Санкт-Петербургте, мамырда Австрияда, шілдеде Чехияда болатын Еуропа кубоктеріне қатысады.