"Қайсардың" 31 жастағы чехиялық капитаны Мартин Кляйн 26 сәуірде сырт алаңда болған Талдықорғанның "Жетісу" клубымен болған ойында жарақат алып қалды.
Бұл жағдай кездесудің 66 минөтінде тіркелді. "Жетісудың" ресейлік шабуылшысы Руслан Галиакберовпен ойын барысында соқтығысып қалды. Соның салдарынан жарысты жалғастыра алмайтын болды. Оны Рақымжан Розыбакиев алмастырды. Дәрігерлер М.Кляйнның қашан ойынға қосыларын білмейді.
"Қайсардың" капитаны биыл 21 ойынға қатысты. Олардың 18-де капитандық міндетті атқарды.