Үстіміздегі жылдың 21-22 қараша күндері Қызылорда облысы, Жалағаш кентінде дзюдодан 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді.
Турнир ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовті еске алуға арналған. Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылатын турнирге Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 25 команда, 300-дей татами шеберлері 9 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.
Жарыстың басталуы 21 қараша сағат 9.00-де, салтанатты ашылуы 10.00-де «Жігер» мәдени сауықтыру кешенінде.