Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Камал Шөкенов атындағы футболдан облыстық турнир басталды

Камал Шөкенов атындағы футболдан облыстық турнир басталдыБүгін, 24 қаңтарда «Евразия» спорт кешенінде қаржыгер Камал Шөкеновті еске алуға арналған қаржы саласының қызметкерлері арасында шағын футболдан облыстық турнир басталды. Турнирге Қызылорда қаласы мен аудандардан 10 команда қатысуда. 
Жарыстың ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Каленов, Камал Шөкеновтің замандас досы Қаһарман Табынбаев және інісі Өмірбек Шәменов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Елімізге белгілі қаржыгер, тыл және еңбек ардагері, профессор Камал Шөкенов қаржы саласында 40 жылдан аса үздіксіз жұмыс атқарып, көптеген марапаттауларға ие болған. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік бюджетті орындаудағы жоғары көрсеткіші үшін, «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. 
Оның өмірі әлемдегі бейбіт әрі игілікті сала – спортпен байланысты болды. Оның ішінде футболды ұнататын. Ол өмірінің соңына дейін футбол атты әсем ойынның нағыз жанашыры және жанкүйері болды. 
Ардақты азаматтың есімін әрдайым есте сақтап, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие, үлгі - өнеге ету мақсатында өткізілген бұл шара биыл 4-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. 
Командалар топқа бөлініп, жарыс айналмалы жүйемен өтуде. Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер атанған командалары 24 қаңтар күні белгілі болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: