Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСҚАН ҚОС СПОРТШЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСҚАН ҚОС СПОРТШЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

 

Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қола жүлдегер атанған Сыр елінің мақтанышы Александр Зайчиков пен еркін күрестен жоғары дәрежеде күрескен жерлесіміз Ғалымжан Өсербаев жаңақорғандық жанкүйерлерімен кездесті. 
Ел мерейін асырған спортшыларды Жаңақорған жастар ресурстық орталығының қолдауымен арнайы автошерумен Жаңақорған жұртшылығы зор қошеметпен қарсы алды. Аудан орталығындағы «Ардагерлер» үйінде өткен салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Ерманұлы Сыр толағайын аламан бәйгеге қосқан бапкерімен, ел мерей-мәртебиесін көтерген спортшыларға қаржылай сый-сыяпатын тапсырып құттықтады. Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков өзін құрметпен қарсы алғаны үшін жаңақорғандықтарға алғысын айтып, алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғауға дайын екендігін білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: