Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Асық атудан қызылордалықтар бірінші орын алды 

2024 жылдың 31 шілде-4 тамыз күндері Абай облысы, Үржар ауданы, Алакөл санаториясында ардагерлер арасындағы жекелей және командалық асық ату және бес асықтан ҚР Чемпионаты болып өтті. 


Бес күнге созылған жарыстың нәтижесінде асық ату мен бес асықтан командалық есепте Қызылорда облысы І орынды иеленді. Ал асық атудан жекелей есепте:
Ержан Жанбосынов І орын 40+ (Сырдария ауданы)
Бауыржан Бакиров ІІ орын 50+ (Сырдария ауданы)
Махсут Нұртаев ІІ орын 60+ (Арал ауданы)
Бес асықтан жекелей есепте:
Айнұр Нағашыбаева І орын 35+ (Арал ауданы)
Сафура Сейтенова І орын 55+ (Жалағаш ауданы)
Марал Айтпанова ІІІ орын 45+ (Жалағаш ауданы).
«Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығы болғандықтан қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлттық ойындарының ішіндегі ертеден келе жатқан ойындардың бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Асық ойынын еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған», дейді жарысты ұйымдастырушылар.
Елімізде жыл сайын өткізліп тұратын ҚР чемпионаты бар. Бұл жарыстарға әр облыстардан командалар толық келіп қатысады. Яғни 17-18 командадан кем болмайды. Бұл дегеніміз асық атудың үлкен деңгейде дамып жатқанының белгісі деп білеміз. Әр облыста біздің федерациялар жұмыс істейді. Кем дегенде әр өңірде 2000-нан аса спортшы асық атумен айналысады. Сондай-ақ, мектептерде асық ату үйірмесі де өтіп жатыр..
Әрбір спорттың ережесі секілді асық атудың да өзіндік халықаралық талапқа сай бекітілген ережесі бар. Сол стандартпен жүреді, соған сай жарыстар өтеді. Асық ату өздеріңіз білетіндей шеңберде ойналады. 15 асық тігіледі. Ататын арнайы сызығы мен сақасы бар. Асық шеңбердің ішінде қалып қоятын жерлерінде өздерінің аталымдары болады. Асық ату ешқандай спорт түріне ұқсамайтын төл ойынымыз. Ереже бойынша бір-бір адам қарсылас болып ойнайды. 15 асықтың 8 асығын кім уақытынан бұрын шығарады сол жеңімпаз атанады. Негізі уақыт бекітіледі. Яғни ересектерге 15 минут, жасөспірімдерге 10 минут беріледі. Екі кезең ойналады. Сол екі кезеңде аталған уақыт ішінде 8 асықты шығарып үлгеру керек болады.
Бұл жарысқа алғаш рет асық ату ойыны кіріп отыр. Бұған дейін әлемдік жарыстар өткізілді. Айтар болсақ Румынияда Әлем кубогы, Түркия елінде Еуразия кубогы болды. Қазіргі таңда елімізде ғана емес, шетелдің 30-ға жуық мемлекетінде асық ату ойыны жақсы қолға алынып, жарыстар ұйымдастырылып жатыр. Бұдан 10 жыл бұрын бұл спорт кенжелеп қалған еді. Қазір керісінше бұл спорттың даму қарқынды жақсы қолға алынып жатыр. Асық атумен айналысқысы келетіндердің де қатары көбейген. Енді көшпенділер ойыны біз үшін үлкен ірі жарыстардың бірі. Сондықтан барымызды салып жақсы өнер көрсетеміз. Құраманың да дайындығы жоғары деңгейде деп айтуға болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: