Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан – Молдова матчына ресейлік Алексей Николаев төрелік етеді

Қазақстан – Молдова матчына ресейлік Алексей Николаев төрелік етеді	Қазақстан мен Молдова арасындағы жолдастық матчта қызмет атқаратын төрешілер бригадасы белгілі болды. Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Бас төреші - Алексей Николаев, оның қапталдағы көмекшілері - Валерий Данченко мен Алексей Воронцов. Төртінші рефери - Виталий Мешков. Төрешілердің барлығы - Ресейден. 
Алексей Николаев – 2014 жылғы Ресейдің ең үздік төрешісі. 2002 жылдан бастап Ресейдің Премьер-Лигасында қызмет атқарып келеді. 43 жастағы рефери еурокубок пен ұлттық құрамалардың іріктеу турнирлерінде тұрақты жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының финалында төрелік етті. 
Ресейлік төреші қазақстандық жанкүйерлерге Чемпиондар Лигасының іріктеу турниріндегі «Шахтер» - «Скендербреу» матчы арқылы танымал. «Астана Арена» стадионында өткен ойында қарағандылық футболшылар Албаниядан келген команданы 3:0 есебімен ұтқан болатын. Алексей Николаев матч бойы бір ғана сары қағазды Андрей Финонченкоға көрсетті. 
Еске сала кетейік, Қазақстан – Молдова матчы 18 ақпанда «Мардан» стадионында өтеді. Астана уақыты бойынша 22:00-де басталады. Бұл ойынды «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: