Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Дмитрий Огай – 55 жаста

Дмитрий Огай – 55 жаста

 

Бүгін, 14 мамырда танымал футболшы, бүгінде «Қайсар» футбол клубының бас бапкері Дмитрий Огай 55 жасқа толды. «Қайсар» футбол клубының ұжымы шын жүректен Дмитрий Алексеевичті құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасылық береке тілейді.
Жамбыл футболының түлегі Дмитрий Огай жартылай қорғаушы болған. Жамбылдың «Химик», Алматының «Қайрат», «Достық», Ташкенттің «Пахтакор», Қарағандының «Шахтер», Ақтөбенің «Актюбинец», Ақтаудың «Мұнайшы», Германияның «Пройссен-07» командаларында ойнаған. Футболшылық ғұмырын 1997 жылы «Тараз» командасында аяқтады.
Ал 1998 жылдан бері жаттықтырушы. Алдымен Вахид Масудовтың көмекшісі ретінде «Қайрат-ЦСКА» командасында қызмет атқарды. 2000 жылдан бері «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Тобыл», «Қайрат», «Тараз», Екатеринбургтің «Урал», Нижнекамскінің «Нефтехимик» командаларында бас бапкер болған. Бүгінде «Қайсар» футбол клубын жаттықтырады.
1982 жылы КСРО спорт шебері атағын алды. 2002 және 2003 жылдары Қазақстан чемпионы атанды. 2007 жылы Қазақстан кубогының иегері және Интертото кубогының жеңімпазы болды. 2002, 2005 және 2008 жылдары Қазақстанның жыл жаттықтырушысы номинациясының иегері болған.
Дмитрий Алексеевичті тағы да туған күнімен шын жүректен құттықтап, барлық игі бастамаларының баянды болуын тілей отырып, «Қайсардың» барлық жарқын жеңістері әлі алда деп сенеміз!
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: