Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстанның мықты боксшылары Қызылордада сайысқа түседі

Қазақстанның мықты боксшылары Қызылордада сайысқа түседі Үстіміздегі жылдың 23-28  ақпан аралығында  «Евразия» спорт кешенінде  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Қазақстанның мықты боксшылар арасында турнир басталады.
Қазақстанда алғаш рет өтетін турнирге Астана, Алматы қалаларынан және  облыс орталықтарынан 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері шаршы алаңға шығады. Жарыс 10 салмақта (49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, +91) өткізіледі.  
Алты күнге созылатын шаршы алаң бәсекесі 1994-1996 жылдары туылған ересектер арасында ұлттық құрама командаға алынатын ең мықты деген спортшыларды анықтау болмақ. Турнирді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық бокс федерациясы  ұйымдастырады. Жарыстың салтанатты ашылуы  23 ақпан күні сағат 13.30-де, басталуы сағат 14.00-де. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: