2015 жылдың 23 қыркүйек күні сағат 16.00-де Қызылорда қаласы орталық стадионда Сартай Мықановты еске алуға арналған қазақ күресінен түйе палуандар арасында республикалық ашық турнир өткізіледі. Дүбірлі бәсекеге Қазақстан Барыстары бастаған 30-дан аса Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарының және Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің палуандары қатысады.
Мақсаты - жастар арасында ұлттық спорт түрі қазақ күресін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, палуандардың спорттық шеберліктерін арттыру және жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Жарысты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қазақ күресі федерациясы.
Облысымыздың намысын 10 спортшы қорғайды. Жүлде қоры: I орынға – Nissan patrol, II орынға Toyota camry 55, III орынға Toyota corolla және IV орынға Lada priora жеңіл автокөліктері. Жарыстың бас төрешісі - Нұрлыбек Ермағанбетов (Астана қ.)