Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЕУРО-2016: ҮЗДІК 16 ҚҰРАМА АНЫҚТАЛДЫ

 

Францияда өтіп жатқан футболдан Еуропа біріншілігінің топтық кезеңі мәресіне жетті. Доп додасына қатысқан 24 үздік құраманың арасынан 16-ы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Олардың арасында Франция, Уэльс, Германия, Хорватия, Италия, Венгрия құрамалары бірінші орын алса, Швейцария, Англия, Польша, Испания, Бельгия, Исландия екінші орынға жайғасты. Ал, үшінші орын алса да үздік көрсеткішке қол жеткізген Словакия, Солтүстік Ирландия, Ирландия мен Португалия жарысты жалғастыратын құрамалар қатарын толықтырды. 
Жарыстың 1/8 финалдық кезеңі 25 маусымда басталып, 27 маусымда мәресіне жетеді. 

25 маусым
Швейцария – Польша
Уэльс – Солтүстік Ирландия
Хорватия – Португалия
26 маусым
Франция – Ирландия
Германия – Словакия
Венгрия – Бельгия
27 маусым
Италия – Испания
Англия – Исландия. 

Ал 1/4 финалдық ойындар 30 маусым – 3 шілде аралағында өткізіледі. Сондай-ақ, жартылай 6-7 шілдеде болады. Финал 10 шілдеде ойналады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: