Қаңтардың 5 жұлдызынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Сергектік және денсаулық-2016» дәстүрлі спартакиадасы басталды.
Оған оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері қатысады. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өтетін дәстүрлі спартакиада командалар спорттың 8 түрінен бақ сынамақ. Сайыстың алғашқы күнінде ойыншылар баскетбол және тоғызқұмалақтан өзара сынға түсті. Спартакиада сегіз күнге жалғасады.