Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Волейболдан Шиндин турнирі мәресіне жетті

Волейболдан Шиндин турнирі мәресіне жеттіҚызылорда қаласы «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде волейболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Николай Шиндинді еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан республикалық турнир өтті. Осымен оныншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан және Сырдария, Жаңақорған аудандарынан 8 команда сынға түсті. 
2 күнге созылған жарыстың финалында жергілікті облыстық сот командасы «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ» командасын 3:0 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Тараздың «Тараз-ТАРМУ» командасы үшінші орынды иеленсе, оңтүстікқазақстандық «Қарабұлақ» командасы төртінші орынды қанағат тұтты. 
Турнирдің үздіктері: 
Үздік ойыншы - Ғалымжан Әбілдаев (Тараз-ТАРМУ)
Ең жас дарынды ойыншы – Сәбит Әбдібек (Қорқыт Ата ҚМУ)
Үздік шабуылшы – Абзал Жақапбаев (Қорқыт Ата ҚМУ)
Үздік қорғаушы - Әлішер Әлжан (Жаңақорған ауданы)
Үздік үйлестіруші - Әлімжан Абдраймов (Қарабұлақ)
Үздік либеро – Нұрлан Абатов (Облсот)
Үздік жаттықтырушы - Ғани Өскенәлиев (Тараз қ.) 
Әділ төреші – Ғалым Әбдірейімов (Жаңақорған ауданы)
Турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларға диплом, медаль, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: