Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан премьер-лигасындағы командалар саны қайтадан көбейеді

Келер жылдан бастан футболдан Қазақстан премьер-лигасында 14 клуб өнер көрсететін болады, деп хабарлайды «Алаш айнасы» интернет-порталы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 

Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХІІ конференциясы өтіп жатыр. Осы жиын барысында аталған федерация президенті Ерлан Қожағапанов келесі жылдан бастап футболдан Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін клубтардың санын 14-ке дейін көбейтуді ұсынды. 
– Атқарушы кеңес құрамы алдына ел біріншілігін қайта 2 айналымнан тұратындай етіп, командалар санын 14-ке дейін жеткізу туралы тапсырма қойылды. Жиын соңына дейін бұл мәселе шешімін табуы тиіс, - дейді ҚФФ президенті Ерлан Тоқтарханұлы. 
Әлемде қаржылық дағдарысы үдеп тұрған уақытта ҚФФ президенті жасаған бұл ұсыныс қалай жүзеге асатынын білмейміз. Естеріңізде болар, осыдан үш-төрт маусым бұрын ел біріншілігінде 16 команда 2 айналым бойынша өнер көрсететін еді. Бірақ, сол 16 команданың кейбірі ел біріншілігін әупірімдеп жүріп әрең аяқтап, қайсібірінің тарқап кеткендері де есімізде.

 Уалихан Қосанбай
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: