Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАСҰЛАН МОЛДАҚАРАЕВ: ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАДА ОЙНАУ - ӘР ФУТБОЛШЫНЫҢ АРМАНЫ

 

- Жасұлан, Ұлттық құрама сабындағы алғашқы кездесуіңіз жайлы айтып берсеңіз?
- Ұлттық құрамада ойнау - әр футболшының арманы. Қырғыздарға қарсы ойында алаңға шықтым, бірақ өкінішке қарай команданы жеңілістен құтқара алмадым.
- Бишкектегі сәтсіздіктің себебі неде? Қалай ойлайсыз?
- Оқу-жаттығу жиынында көп күш жұмсақ қойдық, Бишкектегі ойынға толық дайын болмай шықтық. Бәріміз Польшаға қарсы матчты ойда сақтап жүрдік.
- Польшаға қарсы матчтың бірінші таймы аяқталғаннан кейін бас бапкер не деп айтты?
- Не деп айтқанын білмеймін, себебі мен ол кезде алаңда жаттығып жүрдім. Бірақ жігіттер екінші таймда мінездерін көрсетіп, қолайлы нәтижеге қол жеткізе алды.
- Талғат Маруанұлымен Ұлттық құрама сабындағы болашығыңыз жайлы сөйлестіңіз бе? Черногория мен Румынияға қарсы ойынға шақыртылуыңыз мүмкін бе?
- Шақырту алатын шығармын деген ойдамын. Ел намысын қорғауға әрқашанда дайынмын. Черногория мен Румынияға қарсы кездесулерде де жақсы нәтиже көрсетуіміз ықтимал. Біздің топта тек Польша ғана фаворит, қалғандарымен ойнауға болады.
- Польшамен өткен матчтан кейін не болды?
- Бәрі бізді және Талғат Маруанұлын құттықтады. Киім ауыстыратын бөлмеге Қазақстан футбол Федерациясының президенті де кіріп, бәрін құттықтап шықты.
- «Оқжетпестің» биылғы маусымға қойған мақсаты қандай?
- Үздік үштікке іліну. Мен өз мансабымда ешқашан медаль алған емеспін. Бұйыртса, биыл жүлделі орынға ілінеміз.
- «Ертіс» соңғы кездері әлсіз ойын көрсетуде, демек мүмкіндіктеріңіз жоғары...
- Иә, керекулік клубтан бір ұпайға ұтылып келеміз. Енді оларды озуға тырысамыз.
- Қазіргі таңда, сіз «Оқжетпестің» сұрмергендер тізімінде Марат Хайрулиннен кейін екінші орындасыз, Мараттан да озғыңыз келетін шығар?
- Жоқ, футбол - бұл командалық ойын. Егерде менде мүмкіндік болып жатса, нәтижелі пас беруге де, гол соғуға да дайынмын. Ең бастысы - команданың жеңісі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: