Қызылорданың "Қайсары" сырт алаңда Қостанайдың "Тобылынан" жеңілді. Есеп 0:1.
Осылайша жерлестеріміз биылғы біріншіліктегі үшінші жеңілісіне ұшырады. Бұдан бұрын сырт алаңда "Оқжетпестен" 0:1, өз алаңында "Тараздан" 1:3 есебімен жеңілген еді. Қызылордалық футболшылар "Оқжетпеспен" ойында да соңғы минөтте өз қақпаларына гол жіберіп алған еді. Бұл жолы да солай қайталанды. Ойынның 90 минөтінде аалң иелері сапынан Иван Садовничий алыстан доп бағыттап, ол біздің қақпада тулап жатты.
Шынында айтқанда, биыл "Қайсар" ойындарын ала-құла өткізіп жүр. Көш басында келе жатқан "Қайрат", "Ордабасы", "Атырау", "Ақтөбемен" 0:0 есебімен тең ойнап, былтырғы ел чемпионы "Астананы" 1:0 есебімен жеңген жерлестеріміз доп додасын сылбыр өткізіп жатқан "Тобылға" 3 ұпай жоғалтты. Жеңілісіне қарамастан "Қайсар" турнир кестесінде сегізінші орында қалады.
Осы турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше: Жетісу – Астана 1:3, Ертіс – Тараз 0:1, Қайрат – Атырау 0:1, Оқжетпес – Ордабасы 0:1, Шахтер – Ақтөбе 0:1.