Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Астана" АПОЭЛ-мен ойнайды

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде "Астана" Кипрдің АПОЭЛ клубымен сынға түсетін болды. Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында болған жеребе тарту рәсімінде астаналық клубтың қарсыласы анықталды. 


Алғашқы кездесу 18/19 тамыз күндері Астанада өткізілсе, қарымта ойын 25/26 тамызда Кипрде болады. 
АПОЭЛ атауы Атлитикос Подосфэрикос Омилос Эллинон Лефкосиас сөздерден біріккен. Никосия қаласының намысын қорғайды. 1926 жылы құрылған. Кипрдің 24 мәрте чемпионы атанған. Сондай-ақ, 24 мәрте Кипр кубогын төбесіне көтерсе, 13 мәрте Кипр суперкубогы иесі атанған. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: