Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Гандболдан АЧ. Қазақстан — жартылай финалда

 

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Индонезияда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл жөнінде "Аламан" хабарлады.
Топтық кезеңде Қазақстан Гонконгты (37:10), Индонезияны (68:5), Өзбекстанды (40:23) және Қытайды (33:29) жеңіп, В тобында бірінші орын алды. А тобында Жапонияны 32:20 есебімен жеңген Корея бірінші орын алды. Қазақстан енді жартылай финалда Жапониямен, Корея Қытаймен ойнайды.
2014 жылы өткен Азия ойындарында Қазақстан қола медаль алған. Алтынды Корея, күмісті Жапония иеленген. Қазақстан өз тарихында 2010 жылы ғана Азия чемпионатын ұтқан. 2012 жылғы Азия чемпионатында да Корея жеңіске жеткен.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: