Алдымен Ресей құрамасының қақпашысы Игорь Акинфеев трибунадан лақтырылған оттың салдарынан жарақат алып, ойынды жалғастырудан шет қалды. Бұл – небәрі 1 минөтте болған оқиға. УЕФА президенті Мишель Платиниден кеңес алған делегаттар соған қарамастан ойынды жалғастыруға шешім қабылдады. Дегенмен, жергілікті жанкүйерлер тәртіпсіздігі тек мұнымен тоқталған жоқ. Ойынның 68 минөтінде ресейлік Дмитрий Комбаровқа осындай әрекет жасалды. Осыдан кейін төреші ойынды тоқтатуға шешім шығарды. Ендігі кезекте Черногорияға техникалық жеңілістің жазылуы күтіп тұр.