Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында облыстық спартакиада басталады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 25 маусым күні Қызылорда қаласында  мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында облыстық спартакиада өтеді.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен биыл жетінші мәрте өткізілетін жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан  100-ге жуық спортшы спорттың 3 түрінен: дойбы, жүзу, үстел теннисінен  сынға түседі. 
Ертең сағат 10.00-де "Мұз айдыны" СК спартакиаданың салтанатты ашылуы өтеді.
Ашылуынан кейін спорт түрлерінен сайыстар басталады.
Спартакиада нəтижесінде қыркүйек айында  Нұр-Сұлтан қаласында өтетін  ҚР-ның спартакиадасына  облыс құрама командасы жасақталады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: