Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордада теннистен республикалық турнир өтті

Қызылордада теннистен республикалық турнир өттіҮстіміздегі жылғы 25-29 мамыр аралығында Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай  «Нұрсәт» теннис орталығының  жүлдесіне арналған теннистен жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир өтті. Мақсаты – жасөспірімдерді спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау. 
Биылғы жылы үшінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Қызылордадан 5 команда   50  жасөспірім қатысты. Олар бес күн бойы өзара бәсекеге түсті. Нәтижесінде 10 жасқа дейінгі ұлдар арасында Жақас Қозбақ (Қызылорда қ.) алтыннан алқа тағынса, Айсұлтан Жәдігер  (Қызылорда қ.) күміс жүлдені, Ридуан Айтын (ОҚО) қола жүлдені еншіледі. Ал қыздар арасында Эдельлис Нармағанбет (Ақтөбе облысы) жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші, үшінші орындарды Әдемі Аманкелді мен Қарақат  Қойлыбаева (екеуі де ОҚО) иеленді. 
14 жасқа дейінгі ұлдар арасында өнер көрсеткен жамбылдық Данил Халиловтың мерейі үстем болды. Қызылордалық  Елжас Сағынай күміс жүлдені жеңіп алса, жамбылдық Бехруз Турсунбаев қола жүлдеге қол жеткізді.  Қыздар арасында Қызылорданың намысын қорғаған Камила Мағауия жеңімпаз атанды. 2-орынды қызылордалық Ләйлә Айтбайқызы алса, 3-орын  Әсел Дәуренбекқызына (ОҚО) бұйырды. 
Жұптық кездесуде Жақас Қозбақ пен Эдельлис Нармағанбет бірінші орынды иеленсе, Әдемі Аманкелді мен Ақжан Өмір екінші орынды, Айсұлтан   Жәдігер мен Диана Төлешова үшінші орынды еншіледі. 

 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: