Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Наркологиялық есепте тұрған азаматтар жүргізуші куәлігін алған

Қызылорда қалалық соты екі азаматқа қатысты істі қарады. Онда көлік құралдарын басқаруға құқық берілген жүргізуші куәлігін жарамсыз деп тануды сұралға. Осыған байланысты Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің талап арызын қанағаттандырылды.

Наркологиялық есепте тұрған азаматтар жүргізуші куәлігін алған

 

Талапкер Қызылорда облысының Ішкі Істер Департаменті жауапкерлер Б.Д. және Н.С. қатысты көлік жүргізушілік куәліктің күшін жоюды сұраған. Жауапкер Б.Д. деген азамат наркологиялық диспансерде есепте тұрғаны және «ВС» санаттары бойынша жүргізушілік куәлік алғаны, сондай - ақ жауапкер Н.С. азаматтың да наркологиялық диспансерде есепте тұрғаны  «В» санаты бойынша жүргізушілік куәлік алғаны анықталды. 
Қызылорда қалалық сотының судьясы Пазылов Б. талапкердің жауапкерлер Б.Д. мен Н.С.-ге қатысты талаптарын қанағаттандырды. Кейіпкерлердің аты-жөндері өзгертілген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: