Бірінші лиганың 9-турындағы "Байқоңыр" – "Болат" командалары арасындағы ойынның бас төрешісі ауыстырылды.
Бұл ойынға бұдан бұрын Александр Гаузер бекітілген еді. Ол жастар құрамаларының EURO-2017 турниріне іріктеу кезеңіндегі бір ойынға резервтік төреші боллды. Сондықтан оның орнына Қаратау қаласының өкілі Бағдат Абдуллаев төрешілік жасайды.