Арал аудандық күрес федерациясының төрағасы сайланды
Арал аудандық мәслихатының залында «Арал ауданының Қазақ күрес федерациясы» қоғамдық бірлестігінің кезекті мәжілісі өткізілді. Мәжіліске аудан спортшылары, жаттықтырушылар, аудандық мәслихат депутаттары, оқу орындарының басшылары, ауданға белгілі кәсіпкерлер, спорт жанашырлары қатысты.
Күн тәртібінде «Арал ауданының Қазақ күрес федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президентін, вице-президентін, мүшелерін және тексеру комиссиясын белгілеп қайта сайлау өткізу. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы П. Берсүгіров Арал ауданының Қазақ күрес федерациясы қоғамдық бірлесітігі Кеңесінің жаңа 15 мүшелерімен таныстырды. Кеңес мүшелерінің бір ауыздан қолдауымен "Арал ауданының Қазақ күрес федерациясы қоғамдық бірлесітігінің" президенті болып аудандық мәслихат хатшысы, Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы, қазақ күресінен тұңғыш спорт шебері Данабай Көлбай Соңғыбайұлы сайланды.
Кеңес Президентінің ұсынуымен вице-президент болып Арал ауданының белгілі азаматы, күрес түрлерінің жанашыры , белсенді зейнеткер Үмбетов Ахмедулла сайланды.«Арал ауданының Қазақ күрес федерациясы» қоғамдық бірлестігінің тексеру комиссиясы 3 адамнан құрылып, белгіленді. Жиын барысында федерацияның алдағы тұрған міндеттері нақтыланып, жоспарлары бекітілді.