Түркия және Кабо-Верде құрамаларымен өткізетін ойын алдындағы Қазақстан Ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынына германиялық «Фортуна» командасының қорғаушысы Генрих Шмидтгаль шақырылды. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кету керек, Шмидтгаль Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында соңғы рет 2014 жылдың 5 наурыз күні Литва құрамасымен өткізген жолдастық кездесуде алаңға шықты. 29 жастағы қорғаушы жарақатынан толық айықты. Генрих Шмидтгаль Ұлттық құрама сапында 13 матч өткізіп, 1 гол соқты.
ЕУРО-2016 іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Түркия матчы 12 маусым күні Алматыда өтеді. Ал 16 маусым күні Қазақстан мен Кабо-Верде құрамаларының арасында жолдастық матч өткізу жоспарланған.