Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«БАРЫСТЫ» ЗАНКОВЕЦ БАПТАЙДЫ

«БАРЫСТЫ» ЗАНКОВЕЦ БАПТАЙДЫ

 

«Барыс» хоккей клубының бас бапкері болып Эдуард Занковец тағайындалды, деп хабарлайды 24.kz
Беларусь спортының түлегі, 47 жаста. Кезінде Минскінің «Динамосында» өнер көрсеткен. Ресей біріншілігінде ойнады. 2007 жылы бапкерлік қызметке кірісті. Минскінің «Динамосын» жаттықтырды. Кейін Омбыға келіп, «Авангардта» бас жаттықтырушыға көмекші атанды. Былтыр жұмысынан босап қалған. Енді қазақ хоккейінің дамуына үлес қосуға бекініп отыр. Естеріңізге сала кетейік, кеше «Барыс» командасының бұрынғы бас бапкері Андрей Назаров қызметінін кеткен болатын. Себеп астаналықтардың сүреңсіз ойыны және құрлықтық хоккей лигасының үш бірдей командасынан ұтылуы еді. Ендігі үміт Эдуардта деседі мамандар.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: