"Қайсардың" 100-ге жуық жанкүйері Шымкентке барады
Сәуірдің 19-ы күні өтетін «Ордабасы» - «Қайсар» кездесуіне тіркелген жанкүйерлердің назарына ұсынамыз.
«Ордабасы» - «Қайсар» кездесуіне жанкүйерлерге арнап, клуб басшылығы екі автобус бөлініп отыр. Яғни, барлығы сексен адамға дейін қарастырылған.
Жанкүйерлерден жексенбі, яки 19 сәуір күні таңертеңгі 6:00-де Желтоқсан және Мұратбаев көшелерінің қиылысында жиналуларын сұраймыз. Жүріп кету уақыты таңертеңгі 6:30. Сондықтан, аталған уақыттан кешікпеулеріңіз қажет. Ойын Астана уақытымен 14:00-де басталатын болғандықтан жиналуға тек жарты сағат уақыт бөлініп отыр.
Айта кетерлік тағы бір жайт, Шымкентке баруға ниет білдірушілер саны лимиттен асып кеткендіктен тізімде реттік саны сексеннен төмен тұрған жанкүйерлер тек тізімді алдыңғы жақта тұрғандар көрсетілген уақытта келмей қалған жағдайда ғана автобусқа отыра алады.
Қосымша сұрақтарыңызды 87077348810 нөмірі арқылы клубтың баспасөз хатшысы Әзиз Жұмаділге бағыттауларыңызды сұраймыз.