Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық гимнасшылар ел біріншілігінде жүлдеге ілікті

Эстетикалық топтық гимнастикадан өткен Қазақстан Республикасының онлайн чемпионатында Сыр гимнастшылары жақсы өнер көрсетіп, күміс және қола жүлдені иеленді.

8-10 жас аралығында сынға түскен жерлестеріміз Ақерке Елеусінова, Айару Мұхтақызы, Найля Нұғман, Ақтілек Серікбекқызы, Еркеназ Маратқызы жəне Інжу Асылбек күміс жүлдеге ие болды.
Ал 14-16 жас аралығында шеберлік байқасқан қыздарымыз Дана Садықова, Динара Ерғалиева, Раушан Аспандиярова, Əсел Марат, Ақбота Өтеген, Аянат Ерлан жəне Надира Сыражадин ел чемпионатының қола жүлдесін еншіледі. Енді гимнастшылар 17-18 қарашада Шымкент қаласының, 28 қараша күні Жамбыл облысының онлайн жүйеде өтетін ашық чемпионаттарына дайындалуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: