Шымкент қаласында теннистен 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өткен «Shymkent Gold 14 & under» халықаралық турнирінде қызылордалық өрендер жүлделі орындардан көрінді.
Атап айтқанда, жерлесіміз Арман Кенжебек қола жүлдені иеленді. Ал қыздар арасында Камилла Мағауия төртінші орынды еншіледі.
«Нұрсәт» теннис орталығында жаттығатын қос спортшының бапкері Рүстем Әбдиев.