Қазір мемлекеттен қаржыландырылып отырған нысандар жекешелендіріліп жатыр. Солардың қатарында "Ордабасы" кәсіби футбол клубы да бар.
"Үстіміздегі жылдың күзінде клуб сатылымға шығарылмақ. Қазірге бағасы белгісіз. Құнын тәуелсіз сарапшылар анықтайтын көрінеді. "Ордабасымен" қатар "Қыран" футбол клубы да сатылымға шығарылады деп жоспарланып отыр" дейді шымкенттік жанкүйер Дәурен Дүйсебаев.