Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық ауыр атлет әлем рекордын жаңартты


Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жерлесіміз Рахат Бекболат Азия чемпионы атанды.
Сыр елінің зілтеміршісі Рахат 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер жəне 20 жасқа дейінгі жастар арасында 102 келі салмақ дəрежесінде өнер көрсетіп, қоссайыс нəтижесінде 356 келіні (158+198) бағындырды. Ол серпе көтеру жаттығу бойынша Əлем рекордын жаңартты.
Айта кетейік, былтырғы жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында өткен Азия чемпионатында жəне Лас-Вегаста өткен Əлем чемпионатында алтын медальдарды иеленген болатын. Бапкері: Нұржан Смаханов, А.Абдраев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: