Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«ҚАЙСАР» МЕН «БАЙҚОҢЫРДЫҢ» ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

«ҚАЙСАР» МЕН «БАЙҚОҢЫРДЫҢ» ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІТариxы сонау 1968 жылы "Волна" деген атаумен құрылып басталған "Қайсар" командасының бұл 48-ші маусымы табылады.
Бұл маусымның ерекшелігі – биыл Сыр футболының намысын бірінші лигада бір емес, екі бірдей команданың ("Қайсар","Байқоңыр") қорғауы болмақ. Әдеттегідей, команда құрамын дүйім жұртқа таныстыру, маусым мақсаты мен ерекшелігін жария етуді көздеген шара биыл 19 сәуірде болып өтті. 
Таныстырылым барысында Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Садық Шоңмұрынұлы Мұстафаев теңбіл допты ұршықша иіретін Сыр футболшыларына жейделерін табыстады. 
Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев қатысып, қос команда ойыншыларына сенім артатынын және "Қайсар" мен "Байқоңыр" клубтарының қаражат жағынан еш қиындық көрмейтінін атап өтті. 
Шара соңында "Қайсар" командасының капитаны Руслан Саxалбаев Қырымбек Елеуұлына арнайы 12-нөмірдегі жейдені табыс өтті. Барша жанкүйер сүйікті ойыншыларымен естелік суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.
Аида Батухан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: