Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" командасына айыппұл салынды

"Қайсар" командасына айыппұл салындыҚазақстан футбол федерациясы Тәртіптік бақылау комитетінің отырысында бірқатар шешімдер шығарылды.
«Атырау» - «Қайсар» қосалқы құрамадары арасындағы кездесуде «Атырау» футбол клубына матч уақытында ішкі істер органдарының қызметкерлерінің саны жетіспегені үшін ескерту жасалды. Сондай-ақ, «Қайсар» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (6 ойыншының ескерту алуы) 50 000 (елу мың) теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ал футбол орталықтары мен академияның жасөспірімдер командасы арасында Қазақтан біріншілігінде 1997 жылғылар арасындағы жарыс барысында "Шахтер" мен "Қайсар" арасындағы кездесуде «Шахтер» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (6 ойыншының ескерту алуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, 1998 жылғы жасөспірімдер арасындағы аталмыш бәсекедегі  «Оқжетпес» – «Қайсар» арасындағы ойында «Оқжетпес» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде айыппұл салынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: