ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН "АЛТЫН БЕЛБЕУ" САЙЫСЫ БАСТАЛАДЫ
30 сәуір күні «Евразия» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қазақ күресінен VII облыстық «Алтын белбеу» ақтық сайысы басталады.
Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда қатысады. Қазақ күресінен «Түйе палуан» атанған спортшы «Сыр Барысы» атағын иеленіп, оған «Алтын белбеу» тағылады.
Бұл сыннан іріктеліп шыққан спортшылар 3 шілдеде Астана қаласында өтетін«Қазақстан барысы» турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады.
Жарыстың салтанатты ашылуы сағ. 10.00-де, ақтық белдесулер 10.30-да, «Түйе палуандар» сайысы 13.00-де. Жарыс соңында жанкүйерлерге арналған бағалы жүлделерімен ұтыс ойындары ойнатылады.