АУЫЛДАҒЫ КӨКПАРДА ӘР САЛЫМҒА 5-10 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ
Жаңақорған ауданына қарасты Байкенже ауылының тұрғыны,"Байкенже-1" шаруа қожалығының төрағасы Ербол Өскенбаевтың ұйымдастыруымен "Көкпар" ұлттық спорт ойыны өтті. Бұл жөнінде Мақсат Әлиев мәлім етті.
Игі шараның негізігі мақсаты қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойын түрлерін ел арасында насихаттау, жастардың патриоттық сезімдерін арттыру, ат үстінде мығым отыруын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Көкпарды ауылдың ақсақалы Өткелбаев Тұрсынғали бастап, ақ батасын беріп, қатысушы шабандоздарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, көкпарды ұйымдастырушылар мен демеушілерге өз алғысын білдіріп, көпшілікті ұлттық салт-дәстүрді ұмыт қылмай, ел арасында насихаттап жүруге шақырды. Көкпарға көрші Қыркеңсе ауылынан және Байкенже ауылының жас шабандоз жастары қатысты. Көкпар тартысты өтіп, шабандоздардың мерейлері үстем болып, әр салымға 5-10 мың теңгеден берілді.