Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

Футзалдан Қызылордада өткен республикалық турнирдің жеңімпазы анықталды

27-28 наурыз күндері Қызылорда қаласы "Евразия" спорт кешенінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаев атындағы  футзалдан республикалық турнир өткізілді. 
Биыл 25-ші мәрте ұйымдастырылған турнирге  Байқоңыр қаласы, Түркістан және Қызылорда облыстарынан  25 команда  қатысып, үздіктері анықталды.  
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша «Отбасы банк» командасы (Қызылорда) бірінші орынды жеңіп алды.  Олар финалда «Адам Арафат» командасын (Қызылорда) 3:2 есебімен ұтты. 
Үшінші  орынды  «Байқоңыр» командасы алса, төртінші орынды «Нұржол» командасы  (Қызылорда) қанағат тұтты.
«Үздік қақпашы» -  Мейірбек Жұбатов ("Отбасы банк" командасы);
"Үздік қорғаушы" -  Мұхтар Қоштай ("Адам Арафат" командасы);
«Үздік шабуылшы» - Талғат Айтжанов ("Байқоңыр" командасы);
«Мерген ойыншы» - Назарбай Қобландин ("Нұржол" командасы);
«Үздік ойыншы» - Бауыржан Тешубаев ("Отбасы банк" командасы). 
Батыржан Шалғынбаев атындағы қордың атынан 1-орынға 700 мың теңге, 2-орынға 300 мың теңге, 3-орынға 200 мың теңге,       4-орынға 150 мың теңге көлемінде сыйақы табысталса, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдары берілді.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларды қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов, облыстық футбол федерациясының вице-президенті Әмірбек Шаймағамбетов және Батыржан Шалғынбаевтың ағасы мен інісі Мырзабай, Батырбек Шалғынбаевтар марапаттады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: