Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚАРМАҚШЫДА БОКСТАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА БОКСТАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫСпорттық сауықтыру орталығында халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпазы Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған 2001-2002 және 2003-2004 жылы туылған бокстан жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир басталды. 

Аталған турнирге облыстың барлық аудандарынан 100-ден аса жас спортшылар қатысуда. Жыл сайын дәстүрге айналған турнир биыл ерекше сән салтанатымен бастау алды. Ер Ерланның өміріндегі айтулы күндердің құрметіне орай, ұйымдастырылған жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Б.Нақыпов сөз сөйлеп, барлық спортшыларға сәттілік тіледі. Аудандық спорт және денешынықтыру бөлімі және достарының ұйытқы болуымен биыл 3 ші рет жалауын желбіреткен жарыс 19-22 қазан аралығында өткізіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: