Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

 

Бүгін, Қызылордада Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан ҚР кубогының 1-кезеңі басталды.

Оған еліміздің 13 облысынан 200-ге жуық 10 және 14 жасқа дейінгі шахматшылар қатысуда. Кубоктың салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, ҚР шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко және Аралбай Махамбетовтың інісі Сұлтанбек Махамбетовтер жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, жерлесіміз, шахматтан 7 дүркін Қазақстан чемпионы, оқушылар арасында Әлем, Азия чемпионы Әсел Серікбайға халықаралық шахмат федерациясының ФИДЕ шебері атағының сертификаты мен төсбелгісін ҚР шахмат федерациясының вице-президенті, облыстық шахмат федерациясының президенті Марат Есенов табыстады. Кубок жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері 24 мамыр күні белгілі болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: