Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" ендігі күшті "Тобылға" салады

"Қайсар" ендігі күшті "Тобылға" саладыҚызылорданың «Қайсары» жеңіп тұрып, Көкшетаудың «Оқжетпесінен» 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл Премьер-лиганың 24-туры аясында өткен ойын болатын.
Оқжетпес – Қайсар 2:1 (1:1)
Голдар: Молдақараев 14 (0:1), Сычев 22 (1:1), Роткович 82 (2:1)
Ескертулер: Чижов 12, Павлов 18, Куксин 63, Роткович 83 - Розыбакиев 29, Ирисметов 32, Кнежевич 49
Оқжетпес: Әбжанов, Бөлешев (к), Волков, Куксин, Павлов, Тулиев (Хохлов 75), Сычев (Роткович 59), Шабалин, Гридин (Сахалбаев 59), Чижов, Чертов
Резерв: Багинский, Азовский, Крюков, Смейкал
Қайсар: Прядкин, Розыбакиев, Кляйн (к), Балтаев, Цой, Молдақараев, Ирисметов, Нұрдәулетов, Матвеенко (Алтынбеков 66), Кнежевич (Струков 86), Хунт (Каранайчев 61)
Резерв: Нұрмұхаметов, Митошевич, Шестаков, Вороговский
Төрешілер: Гороховодацкий, Қошқаров (екеуі де - Алматы), Козлов (Ақтау)
23 тамыз. Көкшетау. "Оқжетпес" стадионы. 2 000 көрермен.
«Қайсар» футболшылары тағы да шабуылда болды. Өткен турдағыдай бұл жолы да футболшылар ойынның басым бөлігін алғы шепте өткізді. Басы жерлестеріміз үшін сәтті басталды да. Қайрат Нұрдәулетов оң қапталға жақын тұрған Йосип Кнежевичке допты сырғытты. Хорватиялық легионер қарсыласын үш-төрт метрдей ертіп жүрді де, «снарядты» Рахымжан Розыбакиевке түрте салды. 6-нөмірлі қорғаушы да допты көп ұстаған жоқ. Өткір шабуылға жетіп барған Жасұлан Молдақараевқа асырды. Басында Жасұлан доптан айрылып қалғандай көрінген. Дегенмен жетіп алды да, сол аяқпен шірене тартып, қақпаның дәл тоғыздығын көздеді. Әдемі гол. «Қайсар» алда.
Алайда, қуанышымыз көпке созылмады. Қорғанысымыздағы аласапыранды пайдаланып кеткен Дмитрий Сычев кері серпілген допқа аяғын дер кезінде қойып, таразы басын теңестіріп кетті. Ал ойынның аяқталуына шамамен он минуттай уақыт қалғанда қарқындарын үдете түскен «Оқжетпес» ойыншылары екінші голды соғып, жеңісті жұлып алды. Гол соққан тағы да сол – Лука Роткович. Бұл жолы қорғаушыларымыз оны ұмыт қалдырып, Руслан Сахалбаевтан пасты еркін алуға мүмкіндік беріп қойды.
Енді «Қайсар» жиырма күндік үзілістен кейін 13 қыркүйек күні Қызылордада Қостанайдың «Тобыл» футбол клубын қабылдайды. Ойын жергілікті уақытпен сағат 18:00-де басталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: