"Тараздың" шабуылшысы Азука Изу және "Қайсардың" қорғаушысы Сергей Кейлер үш ойынға шеттетілуі мүмкін.
Қызылордада өткен "Қайсар" мен "Тараз" командалары арасындағы кездесуде екі ойыншы бір-бірімен төбелесіп қалды. Бір-біріне соққы жасады. Қазақстан футбол федерациясының Тәртіп сақтау регламенті бойынша жоғарыдағы жағдайда үш ойынға қатыса алмайтыны көрсетілген.
Егер ойыншылар дәл сондай жазаға тартылса, екеуі де 27 қыркүйектен ерте жасыл алаңға шыға алмайды. Сол күні Премьер-лига командалары арасындағы ойынның 27-туры өткізіледі.