Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Еуропа лигасы: «Қайсар»  үшінші іріктеу сатысында қай командамен кездесуі мүмкін?

Биыл UEFA Еуропа лигасында бақ сынайтын Қызылорданың «Қайсар» клубының үшінші іріктеу сатысында кездесуі мүмкін қарсыласы анықталды.
«Қайсар» үшінші іріктеу сатысында Словенияның «Олимпия» (Любляна) мен Босния және Герцоговинаның «Зриньски» жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.  Одан бұрын жерлестеріміз Кипрдің АПОЭЛ клубын тізе бүктіруі тиіс. 
Ал елордалық «Астана» екінші іріктеу сатысында Черногорияның «Будучность» командасымен кездеседі https://www.inform.kz/kz/europa-ligasy-astana-kayrat-kaysar-klubtarynyn-karsylastary-anyktaldy_a3689111. Аталған ойында жеңген жағдайда «Астана» турнирдің келесі сатысында Босния және Герцоговинаның «Сараево» клубымен ойнайды. 
Алматының «Қайраты» үшінші іріктеу сатысында Ресейдің «Ростов» клубымен тартысқа түсуі мүмкін. Ол үшін алматылық ұжым екінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби» (Хайфа) мен Босния және Герцоговинаның «Железничар» клубының жеңімпазын орта жолда қалдыруы тиіс. Айта кетелік, екінші іріктеу сатысындағы «Маккаби» мен «Железничар» арасындағы кездесу қос команда қызметкерлерінде коронавирус инфекциясына шалдығу дерегінің тіркелуіне байланысты 9 қыркүйекке шегерілген еді.
Естеріңізге сала кетелік, Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысы 17, үшінші іріктеу сатысы 24 қыркүйекке белгіленген. Турнирдің іріктеу сатысындағы барлық жеңімпазы тек бір ойын нәтижесі бойынша анықталады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: