Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН «ЖЫЛ БОКСШЫСЫ-2015» СЫЙЛЫҒЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

 

АҚШ-тың (BWAA) бокс журналистер қауымдастығы 2015 жылдың қорытындысы бойынша түрлі санаттағы номинанттарды анықтады. Бұл жайында Қазспорт телеарнасы хабарлады. 
«Жыл боксшысы – 2015» сыйлығына үміткер боксшылар: Орта салмақтағы WBA (Super) және IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин, орта салмақтағы WBC чемпионы мексикалық Сауль Альварес, биыл спорттық карьерасын аяқтаған америкалық кіші Флойд Мейвезер, жеңіл салмақтағы WBC чемпионы Роман Гонсалес, аса ауыр салмақтағы WBA (Super), WBO және IBF чемпионы британдық Тайсон Фьюри.
«Жыл бапкері – 2015» сыйлығына үміткер бапкерлер: Абель Санчес (Г.Головкин), Джо Галахер (Куигг), аға Флойд Мейвезер (кіші Мейвезер), Эдди Рейносо (С.Альварес), Питер Фьюри (Т.Фьюри).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: