"Швейцариялық «Грассхоппер» командасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель жарақатына байланысты Қазақстан Ұлттық құрамасына қосыла алмады. Бапкерлер құрамы оның орнына Жақып Қожамбердіні шақырды" деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
«Тараз» клубының жартылай қорғаушысы Қазақстан Ұлттық құрамасында алғаш рет тек ақпан айында ғана алаңға шықты. Жақып Қожамберді бұл маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында үш матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы 28 наурыз күні Еуро-2016 іріктеу турнирі аясында Исландия құрамасымен, 31 наурыз күні Химкиде Ресей құрамасымен жолдастық матч өткізеді.