Австралияда футболдан 2015 жылғы Азия кубогы мәресіне жетті. Аталмыш доп додасында алаң иелері чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Оңтүстік Корея - Австралия 1:2
Австралия. Сидней. ANZ Stadium. 83 500 жанкүйер.
Голдар: Хюнь Мин 90 - Луонго 45, Троизи 107
Оңтүстік Корея: Чжин Хьон, Ду Ри, Хюн Су (Чань Су 88), Юнь Квон, Хюп Ли, Сун Юн, Те Хе (Кьюн Хо 64), Хюнь Мин, Чжу Ху, Тэ Хви, Чжин Су
Австралия: Луонго, Сэйнсбари, Единак, Круз (Троизи 72), Леки, Спиранович, Миллигэн, Кэхилл (Юрич 64), Дэвидсон, Франьич (Маккей 75), Райан
Ескерту алғандар: Франьич 6, Дэвидсон 41, Спиранович 49, Круз 67
Австралия футболшылары ақтық сында Оңтүстік Корея құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Осының нәтижесінде өздерінің тарихында тұңғыш рет Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Олай болатын жөні бар. Австралия Азия футбол конфедерациясы құрамына 2006 жылы мүшелікке қабылданған. Оған дейін Мұхит аймағы құрамаларымен бірге сынға түсіп келген еді.
Бүгінгі күнге дейін Азия кубогында чемпиондық атаққа 7 команда қол жеткізген. Оның ішінде Жапония 4 мәрте (1992, 2000, 2004, 2011) осындай зор табысқа қол жеткізсе, Сауд Арабиясы – 3 (1984, 1988, 1996), Иран – 3 (1968, 1972, 1976), Оңтүстік Корея – 2 (1956, 1960), Израиль – 1 (1964), Кувейт – 1 (1980), Ирак – 1 (2007) мәрте чемпион атанды. Ал күміс жүлдеге Сауд Арабиясы – 3 (1992, 2000, 2007), Оңтүстік Корея – 3 (1972, 1980, 1988), Израиль – 2 (1956, 1960), Кувейт – (1976), Қытай – 2 (1984, 2004), БАӘ – 1 (1996), Үндістан – 1 (1964), Австралия – 1 (2011) мәрте қол жеткізді. Сондай-ақ, Иран – 4 (1980, 1988, 1996, 2004), Оңтүстік Корея – 4 (1964, 2000, 2007, 2011), Израиль – 1 (1968), Қытай – 2 (1976, 1992), БАӘ – 1 (2015), Гонконг – 1 (1956), Тайвань – 1 (1960), Таиланд – 1 (1972) дүркін қола медаль алды.