Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫАуыр атлетикадан Әлем чемпионы – Александр Зайчиков, ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері – Алмас Өтешов, еркін күрестен және ауыр атлетикадан Азия чемпиондары - Дәулет Ниязбеков пен Рүстем Сыбай «Жылдың үздік спортшылары» атанды.
«Жылдың үздік жаттықтырушысы» деген мәртебелі атаққа ауыр атлетикадан Жалаңтөс Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың ауыр атлетика бөлімшесінің жаттықтырушысы Арман Абдраев, гандболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, облыстың аға жаттықтырушысы Ким Вячеслав және дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, облыстың аға жаттықтырушысы Қален Қалиұлы лайық деп танылды.
Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қоюда жақсы жұмысымен танылған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен спорт мектептері марапатталды. Атап айтсақ, Қызылорда қаласы бірінші орынды жеңіп алса, Жаңақорған ауданы екінші, Қармақшы мен Сырдария аудандары үшінші орынды иеленді.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері арасында №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі бірінші орынды, №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі екінші орынды, №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі үшінші орынды еншіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: