Қызылорданың "Қайсары" 2015 жылғы футбол маусымындағы соңғы ойынын өткiздi. Түзде "Таразбен" кездескен жерлестерiмiз 1:1 есебiмен тең түстi.
Есептi бiрiншi болып ашқан - қызылордалықтар. Сергей Кейлердiң әуелете асырған пасынан кейiн шабуылшымыз Жасұлан Молдақараев допты баспен қақпаға дәл қадады. Алайда, қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Үзiлiске санаулы минуттар қалғанда "Олжас Алтаев қарсыласын тартып құлатты" деген желеумен жоқ жерден қақпамызға пенальти белгiлеп, "тараздық" шабуылшы Олександр Пищур есептi теңестiрiп кеттi. Екiншi таймда Федор Щербаченко шәкiрттерi қарқындарын тiптен күшейттi. Нәтижесiнде алаң иелерiнiң жүйкелерi де сыр берiп, ойын ережесiн жиi бұза бастады. Сондай тәртiпсiздiктердiң бiрi қақтығысқа ұласып, шектен шыққан Санат Жұмақанов алаңнан аластатылды. Артық құраммен одан сайын шабуылға лап қойған қонақтарда жеңiстi жұлып алатын керемет мүмкiндiк болған. Өкiнiшке қарай, Илья Калининнiң екi метрден тепкен добын қақпашы Азат Битабаров жата қалып кеудесiмен тосты. Осылайша ойын 1:1 есебiмен тәмамдалып, жерлестерiмiз маусымды тең аяқтады.