Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Жетісу" жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысады

 "Жетісу" жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысадыЖаңа маусым алдында Талдықорғанның "Жетісу" командасы ойыншыларын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қабылдады. Бұл жүздесу барысында аймақ басшысы команда алдына жоғары міндеттер жүктеді. 
Жекелеген жаттықтырушылардың әр спортшы үшін жауапты екендігін баса айтып, олар әкелетін әрбір жеңістің облыстың ғана емес, еліміздің абыройы екеніне тоқталды. Команданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы орайда облыс басшысы «Жетісу» футбол клубын сын садағына алды. Бұған дейінгі премьер-лига сапында әупірімдеп әзер қалып жүрген командаға нақты тапсырма жүктеді. Жуырда ғана Түркия мемлекетінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп келген команда құрамымен танысты. Бас жаттықтырушы Асқар Қожабергеновке және клуб директоры Мұхит Тұрсынбайға биылғы маусымда жоғары нәтижеге қол жеткізуді тапсырды. Мұнан соң облыс басшысы футболшыларға биылғы маусымда киіп шығатын жаңа киімдерін табыс етсе, команда капитаны А. Пасеченко облыс әкіміне сыйлық ретінде есімі жазылған футбол жейдесін тарту етті. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: