Бүгін Қазақстан футбол федерациясында Қазақстан кубогы мен футболдан бірінші лига командалары арасындағы біріншіліктің кестесі жасалады.
Федерацияның вице-президенті Олжас Абраевтың хабарлауынша, бұл шара жеребе тарту арқылы жасалады. Естеріңізге сала кетелік, үстіміздегі жылы алғаш рет Премьер-лига командалары арасындағы біріншіліктің ойын кестесі жеребе тарту арқылы жасалды.
Биыл Премьер-лигада 12, бірінші лигада 13 команда бақ сынайды. Премьер-лигада "Қайсар" облыс намысын қорғаса, бірінші лигада біздің өңірден "Байқоңыр" сынға түседі.